20
сентябрь
2025
Менің сыныбым буллингке қарсы!
Бүгін мектеп ауласында біздің сынып оқушылары «Менің сыныбым буллингке қарсы!» атты флешмоб ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында бірлікті, достықты, сыйластықты насихаттап, мектепте жылы да қауіпсіз орта қалыптастыру.Оқушылар «Буллингке — ЖОҚ! Достыққа — ИӘ!» деген ұранды көтеріп, өздерінің бейбітшілік пен сыйластықты қолдайтынын көрсетті.
Осындай іс-шаралар арқылы мектеп ұжымы әр баланың өз ойын еркін айтып, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауға ұмтылады.

Осындай іс-шаралар арқылы мектеп ұжымы әр баланың өз ойын еркін айтып, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауға ұмтылады.

