Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді
22
апрель
2026
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тамақ сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және оқушылардың тамақтану жағдайы қаралды.
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті.
20
апрель
2026
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
14
апрель
2026
4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды
Алматы қ. Білім басқармасының «№15 Санаториялық мектеп-интернат” КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына, 4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады: Мұғалімдерге сыйлық беруге және ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді. Мектеп қажеттіліктеріне байланысты ата-аналардан немесе оқушылардан ақша жинауға тыйым салынады. Оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында ойын-сауық
«Адал азамат тәрбиесі – мектеп пен отбасының бірлігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
13
апрель
2026
«Адал азамат тәрбиесі – мектеп пен отбасының бірлігі» тақырыбында
«Адал азамат тәрбиесі – мектеп пен отбасының бірлігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында келесі мәселелер күн тәртібінде қаралып, талқыланды:025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындысы; Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары; Сабақтан себепсіз қалу және кешігу жағдайларының алдын алу бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары; Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен бірлесе отырып,
“Бөбек” орталығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
10
апрель
2026
“Бөбек” орталығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сәуір айында білім алушыларымыз “Бөбек” орталығының сауықтыру ауысымына қатысып, мазмұнды демалып, ерекше әсерге бөленді. Демалыс ауысымы балалардың көтеріңкі көңіл күйіне, жағымды эмоциялар алуына және көктемгі демалысты тиімді өткізуіне зор ықпал етті. Оқушыларға осындай тамаша мүмкіндік сыйлап, демалысты жоғары деңгейде ұйымдастырған “Бөбек” орталығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
03
апрель
2026
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Мектебімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Жаңа салынып жатқан мектебіміздің аумағына ата-аналар, оқушылар және ұстаздар бірігіп, гүл егу жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс – тазалық пен еңбектің ғана емес, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атқарылған жұмыс – ортақ мақсатқа жетудің айқын дәлелі.
Ата-аналар жиналысы
06
февраль
2026
Ата-аналар жиналысы
Бүгін мектебімізде 5-сыныптың ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында оқу-тәрбие үдерісі, оқушылардың тәртібі, мектеп ішкі ережелерін сақтау, білім сапасы, қауіпсіздік және алдағы жоспарлар талқыланды.Оқушылардың жауапкершілігін арттыру, сабаққа кешікпеу, мектеп формасын сақтау және тәртіп талаптарын орындаудың маңыздылығы ата-аналарға түсіндірілді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
17
декабрь
2025
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
Оқушыларға қуаныш сыйлап, цирк өнерінің ғажайып әлемімен қауыштырғандарыңыз үшін Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Балаларға көрсетілген қамқорлық жас ұрпаққа деген үлкен жанашырлықтың айғағы.Көрермен көңілінен шыққан әсерлі қойылымдар, шаттық пен күлкіге толы сәттер оқушылардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалды. Осындай игі істеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!
Түнгі рейд  “Әділдік пен жауапкершілік” айы
21
ноябрь
2025
Түнгі рейд “Әділдік пен жауапкершілік” айы
Ата-аналардың қолдауымен, Наурызбай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 21 қараша күні профилактикалық түнгі рейд ұйымдастырылды. Қараша айы-“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Әділдік пен жауапкершілік” айы. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәуекел топтағы жағдайлардың, нашақорлық, темекі өнімдерін тұтынудың және құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алу мақсатында жастардың көп шоғырланатын орындарында: саябақтар, ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтарда