Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Соңғы қоңырау мерекесі
25
май
2026
Соңғы қоңырау мерекесі
25 мамыр – білім мен тәрбиенің, ізденіс пен еңбектің қорытындыланатын ерекше күні. Соңғы қоңырау мерекесі – әр оқушының жүрегінде сақталатын жарқын сәттердің бірі. Мектеп – білімнің алтын ордасы. Осында алған тәлім мен тәрбие, ұстаздардың ыстық ықыласы мен шәкірттердің талпынысы болашаққа бастар сенімді қадамға айналады. Барша ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа қуаныш, табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! 💐 📚 Білімді ұрпақ – ел
«Бастауышпен қоштасу»
22
май
2026
«Бастауышпен қоштасу»
Мектебімізде 4-сынып оқушыларына арналған «Бастауышпен қоштасу» кеші өтті.Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, бастауыш сыныппен қимастықпен қоштасты. Ұстаздарына алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.Бұл әсерлі кеш оқушылардың есінде ұзақ сақталып, жаңа белеске бастар жарқын қадамдардың бірі болды.
«Білімім – Отаныма!»
12
май
2026
«Білімім – Отаныма!»
«Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаты аясында мектебіміздің сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау барысында білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымдарын шығармашылық жұмыстарында айқын көрсете білді. Әрбір эсседе ел болашағына деген сенім, білімнің маңыздылығы және туған жерге деген құрмет ерекше байқалды.
«Бір апта – бір әлем»
04
май
2026
«Бір апта – бір әлем»
«Бір апта – бір әлем» атты эстетикалық және негізгі пәндер апталығының жабылуы спорттық эстафеталық ойындармен қорытындыланды. Апталық барысында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға ықпал етті. Ал қорытынды бөлімде өткен эстафеталық ойындар оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұйымшылдық пен достықты нығайтты. 📚🎉 Білім мен спортты ұштастырған мазмұнды апталық өз мәресіне жетті!
Оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
02
май
2026
Оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін
Оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында сейсмикалық қауіпсіздік тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары, қауіпсіз орындарды анықтау, эвакуация тәртібі және алғашқы көмек көрсету ережелері таныстырылды.Аталған жұмыстың мақсаты – білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі сауаттылығын арттыру, жауапкершілікке баулу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
02
май
2026
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында оқушыларға бірлік пен татулықтың маңызы түсіндіріліп, қоғамдағы ынтымақтың рөлі туралы ой қозғалынды. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, бірлікке үндейтін құндылықтарды ұғынды. І бөлім (10 минут): «Көмек – ізгілік негізі» Бұл бөлімде оқушыларға өзара көмек көрсету, қамқорлық пен жанашырлықтың маңызы түсіндірілді. Өмірлік мысалдар келтіріліп, оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. ІІ бөлім
«Бір шаңырақ астында» атты бірлік күніне арналған мерекелік концерт
30
апрель
2026
«Бір шаңырақ астында» атты бірлік күніне арналған мерекелік концерт
«Бір шаңырақ астында» атты бірлік күніне арналған мерекелік концерт ерекше көңілді атмосферада өтті ✨Кеш барысында түрлі ұлттардың ұлттық тағамдары ұсынылып, дастархан жайылды. Әр халықтың мәдениеті мен дәстүрі таныстырылып, сахнада әсем әндер шырқалып, түрлі билер биленіп, қызықты өнер нөмірлері көрсетілді. Бұл шара бірлік пен татулықтың, достық пен сыйластықтың жарқын көрінісіне айналды. Бір шаңырақ астындағы ынтымағымыз арта берсін!
Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді
22
апрель
2026
Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы
Бүгін мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді.Аталған шараға мектеп  оқушылпры қатысып, белсенділік танытты. Жаттығудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады!
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді
22
апрель
2026
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тамақ сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және оқушылардың тамақтану жағдайы қаралды.
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті.
20
апрель
2026
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.