Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті.
20
апрель
2026
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
14
апрель
2026
4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды
Алматы қ. Білім басқармасының «№15 Санаториялық мектеп-интернат” КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына, 4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады: Мұғалімдерге сыйлық беруге және ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді. Мектеп қажеттіліктеріне байланысты ата-аналардан немесе оқушылардан ақша жинауға тыйым салынады. Оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында ойын-сауық
«Ертегілер әлемі» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша сахналық қойылым
20
февраль
2026
«Ертегілер әлемі» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша
Бастауыш сынып апталығы аясында «Ертегілер әлемі» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша сахналық қойылым ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, оқиғаны әсерлі әрі шынайы жеткізе білді. Қойылым барысында балалардың актерлік шеберлігі, сөйлеу мәнері және шығармашылық қабілеттері айқын көрінді. Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық ертегілер арқылы тәрбиелік мәнді жеткізу және өнерге баулу.
«Ұмытылмас жылдар жаңғырығы» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу.
20
февраль
2026
«Ұмытылмас жылдар жаңғырығы» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне
«Ұмытылмас жылдар жаңғырығы» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу.
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейіне танымдық экскурсия
17
февраль
2026
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер
Оқушыларымыз Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында білім алушылар ұлттық және әлемдік бейнелеу өнерінің үздік туындыларымен танысып, қазақ суретшілерінің шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды.  Шараның мақсаты – жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру, мәдени мұраға құрмет сезімін нығайту және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Экскурсия оқушыларға ерекше әсер қалдырып, өнер әлеміне
📚 «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы.
16
февраль
2026
📚 «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты бастауыш сынып
📚 «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы. Апталық аясында оқушылар білімге деген қызығушылығын арттырып, түрлі танымдық іс-әрекеттерге белсенді қатысты. Шығармашылық тапсырмалар, қызықты сабақтар мен пайдалы шаралар арқылы білімнің алғашқы баспалдағының маңызы айқындалды.
Ұлдар жиналысы өткізілді.
11
февраль
2026
Ұлдар жиналысы өткізілді.
Ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында тәртіп, жауапкершілік, әдептілік және азаматтық ұстаным мәселелері талқыланды. Ұл балаларға ер-азаматқа тән мінез-құлық, өзіне сенімділік пен білімге ұмтылу туралы маңызды кеңестер берілді.
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді.
11
февраль
2026
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді.
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәулетхан Еркежан Ерланқызы және сынып жетекшілер қыз балаларға тәрбие, әдептілік, өзін-өзі құрметтеу және қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды ақпарат берді. Кездесуде қыз баланың қоғамдағы орны, жеке мәдениеті, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
Мұқағали Мақатаев – 95 жыл
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаев – 95 жыл
Мұқағали Мақатаев – 95 жыл Биыл қазақ поэзиясының мұзбалағы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Мұқағали – халқымыздың жүрегінен мәңгі орын алған, жырлары арқылы ұлттың жан дүниесін сөйлеткен дара талант. Оның өлеңдері – махаббаттың, сағыныштың, туған жерге деген іңкәрліктің, адамзатқа деген адалдықтың айнасы. Ақын жырлары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын құны артып, жаңа ұрпақпен қайта табысып келеді. Мұқағали мұрасы – мәңгілік. Оның
«Цифрлы әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
09
февраль
2026
«Цифрлы әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мектебімізде «Цифрлы әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке мәліметтерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындады. Сынып сағаттарының мақсаты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін