Оқушылардың сергіту жаттығулары
Мектебімізде әр аптаның сейсенбісінде сабақ басталар алдында оқушылар үшін қысқа мерзімді сергіту жаттығулары дәстүрге айналған. Бұл жаттығулардың ұзақтығы – 3 минут, мақсаты – оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сергіту, денсаулығын нығайту және оқу процесіне белсенді кірісуге ықпал ету. Осындай шағын жаттығулар балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім алу барысында ширақ әрі белсенді болуына жағдай жасайды.