Жүрекжарды құттықтау💐💐💐
Ұстаздар күні қарсаңында бастауыш сыныпта тәлім алған шәкірттері асыл ұстаздары Тагаева Турсынгуль Иманкожаевнаның шаңырағына арнайы барып, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.Алғашқы әріпті үйретіп, білімнің іргетасын қалаған, мейірім мен парасаттың үлгісі болған ұстазымызға деген алғыс сезімі – мәңгілік. Зейнеткерлікке шықса да, шәкірт жүрегіндегі орны бөлек, шәкірт санасындағы ізі өшпес тұлға ретінде қала береді. Турсынгуль Иманкожаевнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Мерекеңіз құтты