«Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық іс-шара
Іс-шара барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін өлең-жырмен, әсерлі әндермен және көріністермен өрнектеді. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, бірлік пен елдік рухты қалыптастыру болды. Оқушылар өз өнерлері арқылы тәуелсіз еліміздің жетістіктерін дәріптеп, Қазақстанның жарқын болашағы жастардың қолында екенін көрсетті. 🕊️ Еліміздің болашағы — білімді, рухы биік, отансүйгіш жастардың қолында!