Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2025 года
«Сиқырлы шырша жанында» тақырыбында жаңа жылдық жарыс-сайыс жоғары деңгейде өтті! Бұл мерекелік кеште оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын сынады. Сиқырлы шырша жанында өткен сайыс балалардың жүздеріне шат күлкі, жүректеріне қ
25
декабрь
2025
«Сиқырлы шырша жанында» тақырыбында жаңа жылдық жарыс-сайыс жоғары
«Сиқырлы шырша жанында» тақырыбында жаңа жылдық жарыс-сайыс жоғары деңгейде өтті!Бұл мерекелік кеште оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын сынады. Сиқырлы шырша жанында өткен сайыс балалардың жүздеріне шат күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлады.  Әсем ән, көңілді ойын, қызықты тапсырмалар Жаңа жыл мерекесінің шынайы көркін аша түсті. Қатысушылар белсенділік танытып, жарыс өте әсерлі әрі есте қаларлық болды. Жаңа жыл баршамызға шаттық, береке, мол табыс әкелсін!
Жаңа жыл қарсаңы!
23
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңы!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаламыздың көркеюі мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшыларды құттықтадық. Жол жөндеп жүрген азаматтарға және күн сайын қаламыздың тазалығын сақтап жүрген еңбек адамдарына алғыс білдіріп, жылы лебізімізді жеткіздік.Олардың адал еңбегі – баршамыздың жайлы өміріміздің негізі. Еңбектеріңіз еленіп, жаңа жыл берекелі, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
17
декабрь
2025
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
Оқушыларға қуаныш сыйлап, цирк өнерінің ғажайып әлемімен қауыштырғандарыңыз үшін Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Балаларға көрсетілген қамқорлық жас ұрпаққа деген үлкен жанашырлықтың айғағы.Көрермен көңілінен шыққан әсерлі қойылымдар, шаттық пен күлкіге толы сәттер оқушылардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалды. Осындай игі істеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
15
декабрь
2025
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында жас ұландар ант қабылдап, елге адал қызмет етуге, білім мен тәртіпті ту етуге уәде берді. Бұл маңызды сәт жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен бірлік сезімін қалыптастырып, ел болашағына деген сенімді нығайта түсті. Жас Ұлан қатарын толықтырған жасөспірімдерге сәттілік, биік мақсат пен жарқын болашақ тілейміз!
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұрбатыров Болатбек Боданұлымен кездесу
12
декабрь
2025
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұрбатыров Болатбек Боданұлымен
2025 жылдың желтоқсан айында мектебімізде Желтоқсан оқиғасының қатысушысы,Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Түлектер қауымдастығы орталығының директоры,ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Этно дизайн одағының мүшесі, «Желтоқсан–Алматы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұрбатыров Болатбек Боданұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Әкелер мектебі: білім мен тәрбие
05
декабрь
2025
Әкелер мектебі: білім мен тәрбие
«Әкелер мектебі: білім мен тәрбие» тақырыбындағы әкелер жиналысына белсене қатысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Балалар тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, мектеппен бірлесе жұмыс жасауға ниет танытуыңыз – өскелең ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлкен үлес. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен қолдауларыңыз мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесінің сапалы болуына зор ықпал ететіні сөзсіз. Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз шат,