Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года
«Бір шаңырақ астында» атты бірлік күніне арналған мерекелік концерт
30
апрель
2026
«Бір шаңырақ астында» атты бірлік күніне арналған мерекелік концерт
«Бір шаңырақ астында» атты бірлік күніне арналған мерекелік концерт ерекше көңілді атмосферада өтті ✨Кеш барысында түрлі ұлттардың ұлттық тағамдары ұсынылып, дастархан жайылды. Әр халықтың мәдениеті мен дәстүрі таныстырылып, сахнада әсем әндер шырқалып, түрлі билер биленіп, қызықты өнер нөмірлері көрсетілді. Бұл шара бірлік пен татулықтың, достық пен сыйластықтың жарқын көрінісіне айналды. Бір шаңырақ астындағы ынтымағымыз арта берсін!
Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді
22
апрель
2026
Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы
Бүгін мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді.Аталған шараға мектеп  оқушылпры қатысып, белсенділік танытты. Жаттығудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады!
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді
22
апрель
2026
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тамақ сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және оқушылардың тамақтану жағдайы қаралды.
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті.
20
апрель
2026
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер
“Бір апта – бір әлем”тақырыбында эстетикалық және негізгі пәндер апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
15
апрель
2026
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар»
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға ғарыш әлемі, алғашқы ғарышкерлер және Байқоңыр ғарыш айлағы туралы кеңінен мәлімет берілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап берді.
4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
14
апрель
2026
4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды
Алматы қ. Білім басқармасының «№15 Санаториялық мектеп-интернат” КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына, 4-сынып оқушыларының бітіру кезеңіне байланысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады: Мұғалімдерге сыйлық беруге және ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді. Мектеп қажеттіліктеріне байланысты ата-аналардан немесе оқушылардан ақша жинауға тыйым салынады. Оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында ойын-сауық
«Адал азамат тәрбиесі – мектеп пен отбасының бірлігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
13
апрель
2026
«Адал азамат тәрбиесі – мектеп пен отбасының бірлігі» тақырыбында
«Адал азамат тәрбиесі – мектеп пен отбасының бірлігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында келесі мәселелер күн тәртібінде қаралып, талқыланды:025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындысы; Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары; Сабақтан себепсіз қалу және кешігу жағдайларының алдын алу бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары; Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен бірлесе отырып,
“Бөбек” орталығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
10
апрель
2026
“Бөбек” орталығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сәуір айында білім алушыларымыз “Бөбек” орталығының сауықтыру ауысымына қатысып, мазмұнды демалып, ерекше әсерге бөленді. Демалыс ауысымы балалардың көтеріңкі көңіл күйіне, жағымды эмоциялар алуына және көктемгі демалысты тиімді өткізуіне зор ықпал етті. Оқушыларға осындай тамаша мүмкіндік сыйлап, демалысты жоғары деңгейде ұйымдастырған “Бөбек” орталығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
03
апрель
2026
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Мектебімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Жаңа салынып жатқан мектебіміздің аумағына ата-аналар, оқушылар және ұстаздар бірігіп, гүл егу жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс – тазалық пен еңбектің ғана емес, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атқарылған жұмыс – ортақ мақсатқа жетудің айқын дәлелі.