Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы
15
декабрь
2021

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. №15 СМИ осы мерекеге орай мектеп оқушылары «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» атты мерекелік іс- шара өткізді. Мерекелік концерт мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Мерекелік кешке кешегі қанды желтоқсан оқиғасының куәгерлері- қатысушылары, бүгінгі күннің батырлары«Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының белді мүшелері: Қасымов Серік, Қалмақбаев Ғайни, Сәрсенбеков Қанат, Таубалдиева Аида, Темірбекова Гулзатхан қатысып, 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күнгі көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болғандығын, бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қамықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмақ еместігін атап өтті.
Жауапты сынып 9 а Тәрбиешісі: Килыбаева А.Р.
 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив