Адам баласы айналасында болып жатқан дүниелерді көру » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Адам баласы айналасында болып жатқан дүниелерді көру
28
декабрь
2022

Адам баласы айналасында болып жатқан дүниелерді көру

Адам баласы айналасында болып жатқан дүниелерді көру арқылы өзіне қажетті мен қажетсізді ажырата білуге мүмкіндігі болады. Оны ажырата білу тек саналы адамға тән қасиет. Қажетті дегеніміз, өзіне есеп берудің орнына өзгенің мінін теріп, бос әңгіме қуғандық емес, керісінше адамның әркез бірлікті ойлап, өзін-өзі түзеумен күресуі. Қажетсізі кеудедегі тәкаппарлық, жүректегі ынсапсыздық. Таңдау әр адамның өз еркінде. Дегенмен, жануарларға қарағанда адам баласына сана берді, ақыл берді. Ақыл мен сабыр адамның асыл құндылығы...
Бүгін интернатымыздың ұжымы, тәрбиешілер қауымы бастауыш сыныптар балапандарына жаңа жылдың қарсаңында түрлі кейіпкерлерді ӨЗДЕРІ сомдау арқылы жүздеріне күлкі сыйлады. Бұл еңбекпен қатар өз жұмысына шынайы көңіл бөле білу. Барлығы осы балалар үшін! Білім ордамызда оқып жатқан БАРЛЫҚ БАЛА біз үшін БІРДЕЙ!!! Оларды бөліп жару мүмкін емес! Себебі бұл балалар ертеңгі елдің болашағы екенін ұстаздар жақсы түсінеді. Сыныққа сылтау ІЗДЕЙТІНДЕР үшін бұл түкке тұрғысыз болуы мүмкін. Бірақ ең басты назар аударатын дүние- БАЛАҒА КӨҢІЛ БӨЛУ. Біз барлық бала үшін қолымыздан келгенін аянып қалмаймыз. Интернатымызды кеме десек, сол кемеде мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар бар. Демек, БІРЛІК - ЕҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар. Тырнақ асты кір іздегеннен, тілектес болып, ынтымақ іздегенге не жетсін. Тілектес ата-аналарымызға шын жүректен алғыс білдіреміз! Келе жатқан жаңа жыл, Сіздер үшін қызыққа толы жыл болсын! Еңбек етіп, адал тер төгіп келе жатқан барлық адамзат баласына мейірімнің нұры жаусын!!! 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив