Балдәурен
30.01.2023 күні интернатымыздың "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығына барып келген оқушыларымызбен кездесу өтті. Аталмыш жерде алған әсерлерімен, болған қызықтарымен бөлісті. Ортаға бейімделудің, қарым-қатынас жасаудың қаншалықты маңыздылығын жете түсінген сияқты. Бірнеше ұсыныстар айтылды. Жалпы өздеріне ұнап, болашақта жан-жақтылық, белсенділік қағидаттарын ұстанатындықтарын жеткізді. Балаларымызда жақсы өзгерістер байқалды. Кем тұстарымен алдағы уақытта тығыз жұмыс жүргізілетін болады.