Қауымбаев Тоғанбай Ұлы Отан Соғысының ардагері
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ералиев А.Б: Он сегіз жасында от кешкен бала Қауымбаев Тоғанбай Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры. 1943 жылы Днепр өзенінен өтіп, жау бекінісіне бірінші болып атой салғаны үшін осы атаққа ие жауынгерлердің бірі. Жиырма жасында алтын жұлдыз таққан қазақ жауынгерін алдыңғы шептен алып, штабқа жіберген. Қаһарман атамның айтуынша, соғыс жылдары атағы дүркіреп тұрған Сабыр Рақымовтың адъютанты болып тағайындалған екен. Білікті заңгер,