Құттықтаймыз!
Алматы қаласы Наурызбай ауданында Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен аудандық спартакиадалық жарыста «№15 санаториялық мектеп-интернат» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ілесбеков Жолдасбек Құрасбекұлы асық ату спорт түрінен жүлделі 1-орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды!Бұл жеңіс – ұстазымыздың спортқа деген сүйіспеншілігінің, кәсіби шеберлігінің және табандылығының нәтижесі. Жеңімпаз әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!