Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жақсы мен жаманды ажырат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
27
январь
2026
«Жақсы мен жаманды ажырат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
«Жақсы мен жаманды ажырат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Сабақ барысында оқушылар адамгершілік құндылықтар, дұрыс таңдау жасау, жақсы әдет пен жаман қылықты ажырата білу туралы ой бөлісті. Тәрбиелік мәні зор бұл сабақ оқушылардың мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталды.
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
15
январь
2026
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
Көңілді үзіліс – көтеріңкі көңіл күй мен шат күлкіге толы сәт! Оқушылар сергіп, ойын ойнап, бір сәтке болса да демалып алды. Көңіл көтеру – жақсы оқудың да кепілі! 🎉😊
Оқушылармен көңілді күн! Кинотеатрда қызықты сәттерге толы, көтеріңкі көңіл күймен өткен тамаша күн болды.
07
январь
2026
Оқушылармен көңілді күн! Кинотеатрда қызықты сәттерге толы, көтеріңкі
Оқушылармен көңілді күн! Кинотеатрда қызықты сәттерге толы, көтеріңкі көңіл күймен өткен тамаша күн болды.
«Сиқырлы шырша жанында» тақырыбында жаңа жылдық жарыс-сайыс жоғары деңгейде өтті! Бұл мерекелік кеште оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын сынады. Сиқырлы шырша жанында өткен сайыс балалардың жүздеріне шат күлкі, жүректеріне қ
25
декабрь
2025
«Сиқырлы шырша жанында» тақырыбында жаңа жылдық жарыс-сайыс жоғары
«Сиқырлы шырша жанында» тақырыбында жаңа жылдық жарыс-сайыс жоғары деңгейде өтті!Бұл мерекелік кеште оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын сынады. Сиқырлы шырша жанында өткен сайыс балалардың жүздеріне шат күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлады.  Әсем ән, көңілді ойын, қызықты тапсырмалар Жаңа жыл мерекесінің шынайы көркін аша түсті. Қатысушылар белсенділік танытып, жарыс өте әсерлі әрі есте қаларлық болды. Жаңа жыл баршамызға шаттық, береке, мол табыс әкелсін!
Жаңа жыл қарсаңы!
23
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңы!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаламыздың көркеюі мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшыларды құттықтадық. Жол жөндеп жүрген азаматтарға және күн сайын қаламыздың тазалығын сақтап жүрген еңбек адамдарына алғыс білдіріп, жылы лебізімізді жеткіздік.Олардың адал еңбегі – баршамыздың жайлы өміріміздің негізі. Еңбектеріңіз еленіп, жаңа жыл берекелі, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
17
декабрь
2025
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
Оқушыларға қуаныш сыйлап, цирк өнерінің ғажайып әлемімен қауыштырғандарыңыз үшін Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Балаларға көрсетілген қамқорлық жас ұрпаққа деген үлкен жанашырлықтың айғағы.Көрермен көңілінен шыққан әсерлі қойылымдар, шаттық пен күлкіге толы сәттер оқушылардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалды. Осындай игі істеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
15
декабрь
2025
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында жас ұландар ант қабылдап, елге адал қызмет етуге, білім мен тәртіпті ту етуге уәде берді. Бұл маңызды сәт жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен бірлік сезімін қалыптастырып, ел болашағына деген сенімді нығайта түсті. Жас Ұлан қатарын толықтырған жасөспірімдерге сәттілік, биік мақсат пен жарқын болашақ тілейміз!
«Қыз – өмірдің қызғалдағы»
17
ноябрь
2025
«Қыз – өмірдің қызғалдағы»
Бүгін мектебімізде «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Іс-шара барысында қыздар өз құқықтары мен міндеттері, денсаулық және рухани дамудың маңызы, сондай-ақ салауатты өмір салты туралы мағлұмат алды. Қыздар белсенді қатысып, түрлі ойындар мен әңгімелесулер арқылы өз ойларын ортаға салды. Мұндай жиналыстар қыздардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өзіне деген сенімін арттыруға және қоғамдағы жауапкершілікті түсінуге септігін тигізеді. Барлық қатысушыларға белсенділігі
«Күзгі дәм мен шаттық әлемі»жәрмеңкесі
07
ноябрь
2025
«Күзгі дәм мен шаттық әлемі»жәрмеңкесі
Мектебімізде дәстүрлі "Күзгі асар"жәрмеңкесі сәтті өтті. Балалар белсенді қатысып,  қоршаған ортаны қорғау сияқты іс-шараларға да үлес қосты. Жәрмеңкеде жаңа піскен көкөністер мен жемістер, тәттілер, үйде дайындалған тағамдар және қолөнер бұйымдары ұсынылды. Шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен топтық жұмыс дағдылары дамыды, олар ынтымақ пен жауапкершіліктің мәнін көрсетті. Сонымен қатар, асар-жәрмеңке ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, жас ұрпақты ортақ іске біріктірді.