03
апрель
2025
“Бала қауіпсіздігі-басты назарда”
№15 Санаториялық мектеп-интернатында “Бала қауіпсіздігі-басты назарда” тақырыбында ата-аналар арасында онлайн және офлайн түрінде жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыс барысында Наурызбай ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Қыдырбек Ерболат Мерланұлы мопед айдаудың қауіптілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыстың басты мақсаты — оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігін күшейту болды.