03
май
2025
«Бала және жол»
Ата-аналарды қолдау орталығының бастамасымен ұйымдастырылған «Бала және жол» акциясы аясында ата-аналардан құралған еріктілер тобы көшелерде қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушыларға жол қозғалысы ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратылып, жолда жүру мәдениеті, балалардың қауіпсіздігі жайлы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты — балалардың жол қауіпсіздігін сақтау, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды.
