Омарова Куралай Тынышбалаевна Бастауыш сынып мұғалімі Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Омарова Куралай Тынышбалаевна Бастауыш сынып мұғалімі Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты
30
октябрь
2020

Омарова Куралай Тынышбалаевна Бастауыш сынып мұғалімі Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты

Омарова Куралай Тынышбалаевна 

Бастауыш сынып мұғалімі

Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты


«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»   

                                                                                                                          Н.Ә. Назарбаев
 

 
         Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға баулу, оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз» тақырыбында 2 «А» сыныбында өткізілген лездемеге тоқталғым келеді:
 

 
          Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келе жатқандығы айтылды.  Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы – шәкірттеріміздің  қолдарыңда.  Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесін  қосатын ұрпақ тәрбиелеу басты парызымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.

         Лездеме барысында оқушылар өз ойларын былай жеткізді. Еркебаева Гүлсезім өз ойын былай жеткізді « Біз, өзіміздің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымызды мақтан етеміз. Жарқын болашақ күтіп тұрған   елімізде терең білім алып, Отанымызға адал қызмет етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.» Ал,  Имакова Айдананың ойына көз жүгірсек:

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан, - деп жырлағандай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан,  осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік, - деген кереметтей ойын жеткізді. Қандай әдемі толқыныс тудырған ойлар.......

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив