Заман талабына сай білімді, ұлттық қасиеттерді бойына дарытқан өнерлі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Заман талабына сай білімді, ұлттық қасиеттерді бойына дарытқан өнерлі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу
30
октябрь
2020

Заман талабына сай білімді, ұлттық қасиеттерді бойына дарытқан өнерлі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу

Жанакунова Альмагул Байжумаевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты


Заман талабына сай білімді, ұлттық қасиеттерді бойына дарытқан өнерлі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу


Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Көп ұлтты еліміздің жастарын Қазақстан тарихына, өткен буынның маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруіне үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бағыт беріп, заман талабына сай етіп тәрбиелеу керек » деген

Мектеп-интернатымызда педагогикалық кеңесте «Заман талабына сай білімді, ұлттық қасиеттерді бойына дарытқан өнерлі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында өзекті мәселе қарастырылды. Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің мүшелері көркем еңбек пәнінің мұғалімі Килыбаев У.Б. және музыка пәнінің мұғалімі Оспанбаев Е.О. өз сабақтарындағы қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 

Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл – күйін білдіреді. Мысалы, көңіл күйі жоқ оқушыны сабақты дұрыс айтқыза алмайсың, денешынықтыру сабағында жаттығуларды ынтамен жасата алмайсың, бейнелеу сабағында суретпен ойын толық жеткізе алмайсың. Сол үшін, әр сабақ басталған кезде көңіл күйді, жағымды амтосфераны құрып алып барып сабақ бастау маңызды. 

Сондықтан да мектеп қабырғасында бүгінгі таңда өнерге деген тәрбиені қай бағытта жүзеге асыру керектігі бұрынғыдан да маңызды мәселе. 

Әлеуметтік жағдайлар мен қажеттіліктер өзгеріп, білім саласына жаңа реформалар еніп жатқан шақта жастарды музыка өнеріне тәрбиелеуде жаңашылдыққа ден қойып, болашақ еліміздің өнер майталмандарын ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпауға  тәрбиелеу, ойлаған асыл армандарына жеткізу – ол біздің тікелей міндетіміз. Осы арада жастар өз ұлтының патриоты, халқының мәдениеті мен тарихына жанашыр бола отырып, бүгінгі таңдағы жаңа бағдарламалар мен үштілділік саясатын дұрыс бағытта жүргізе отырып үздік оқу – әр баланың басты арманына айналуы керек. 

Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру - баланы әсемдікті сүйсіне білуге  баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда  халық өнері мен мәдениетінің сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді.

Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер, денешынықтыру  сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қабілеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қазіргі жаңартылған бағдарлама арқылы дамыту маңызды мәселенің бірі.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив