10
май
2021
Алимгожаев Жапар Ұлы Отан Соғыс ардагері
Тәрбиеші Алимгожаева Зоя Жапаровна:
Менің әкем Алимгожаев Жапар 1932 жылы 7 қаңтарда қазіргі Райымбек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Әкесі Әлімқожа қарапайым диірменші болған. Бозтөбе деп аталатын төбеге өз қолымен диірменнің тасын шауып , диірмен жасап сол маңдағы ауылдардың адамдарының астығын тартып ұнмен қамтамасыз еткен қарапайым жан болған. Менің әкемді Нарынқолға таныстарының уйіне қойып 7 - ші сыныптық білім алғызыпты, себебі ауылдарында мектеп те болмаған екен. Әкеміз кейін үйленіп бір балалы болғаннан кейін 1954 жылы 15 қаңтарда армия қатарына қабылданып , өзінің әскери борышын өтеуге Украина жеріне аттанады. Алайда сол кездегі тоталитарлық саясаттың кесірінен әкемді Венгрия еліне интернационалдық борышын атқаруға аттандырыпты. Тарихқа жүгінсек 1953 жылдардағы тоталитарлық социализм Европа өркениеті дамуының табиғи - тарихи урдісіне қайшы келді. Польшадағы, ГДР - дегі 1953 - жылғы көтеріліс , 1956 - жылғы венгр көтерілісі осының айғағы еді. Сол венгр көтерілісі КСРО және басқа социалистік елдердің әскерлерімен басып жаншылды. Міне осы венгр көтерілісін басуға аттанған , КСРО жауынгерлерінің бірі менің әкем Жапар Әлімқожаұлы еді. Көп уақыт хабарсыз кетіпті ,әрине соғыс ошағынан хат жазудың мумкіндігі болмаған. Венгрия еліне 28 қазан 1956 жылы аттанып , 13 қаңтар 1957 жылы қайта оралған. Өзінің әскери борышын 3 жарым жыл өтеп, еліне аман - есен оралған соң интернационалист жауынгер ретінде соғыс ардагерлерімен теңестірілді. Ардагер ұстаз , 8 баланың әкесі, үлгілі отағасы Алимгожаев Жапар 2009 жылы дүние салды.