Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Соңғы қоңырау! » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Соңғы қоңырау!
25
май
2021

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Соңғы қоңырау!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 2020-2021 оқу жылында пандемияға қарамай мектеп-интернатымыз өз жұмысын бастады. Қысқа уақыт ішінде сіздермен бірге көптеген жұмыстарды атқардық. Тәрбиешілер сенбі, жексенбі күндері кезекшілік жұмыстарын қоса атқарып қиналғандарына қарамай, балалармен жұмыс жасады. Бұл мақтауға тұрарлық іс. Мұғалімдер өз жұмыстарын уақытылы орындады. Медицина қызметкерлеріміз балалардың өмір қауіпсіздігі мен мектебіміздің тазалығын қамтамасыз етті. Асхана қызметкерлеріміз балаларды дұрыс тамақтануға үйретті. Техникалық қызметкерлеріміз бен аула қызметкерлеріміз мектебіміздің ішкі және сыртқы тазалығын қамтамасыз етті. Барлық осында жұмыс істейтін әріптестер оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында жаңа ой, ұшқыр идеямен келеді деп сенем. Ұжымда ынтымақ пен бірлік болсын! "Ынтымағы зор ел озады" деп дана қазағым айтқандай бірлік пен татулық үстемдік құрған жерде жұмысың алға басып, еңбегі жанады. Құрметті оқушылар жазғы демалысты өте жақсы көңіл-күймен өткізулеріңе тілектеспін! Ата-аналарыңа тек жақсы іс-әрекеттеріңді көрсетіңдер! Баршаңызға денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілеймін!
# Балаларымызды 1 қыркүйекте күтеміз!
Ізгі ниетпен, директор Тастанбекова Раушан Саттархановна.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив