Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
30
октябрь
2020

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Есимбекова Айкен Иманалиевна 

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты


Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. 


Еліміздің болашағы, мұғалімдердің қызмет істеп жүрген мектебі, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әр оқушының бойына сапалы білім дарытып, оны жеке тұлға етіп қалыптастыратын ол-ұстаз. Көш ілгері дамыған сайын бізге қойылатын талаптар да күшейе түсуде. Білім сапасын арттырудың түрліше жаңашыл әдістері алдымыздағы оқушылардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін есепке алып, олардың деңгей шамасын ескермейінше күткен нәтиже шықпайды. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім баланың келешегін түсінуіміз керек. Мектеп өміріндегі педагогтардың, әсіресе жас мамандардың негізгі қиындық тудыратын мәселесі - бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу. Ол шындық. Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Үлегірімі төмен оқушыларға – ой қабілеті әлсіз дамыған, өз ойын толық жеткізе алмайтын, оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейтін,  сабаққа деген ынта- жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын, ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған  білім қоры аз оқушылар жатады. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Үлгерімі төмен оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:

  • мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;
  • кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.
  • сабаққа деген жауапкершілігінің төмен болуы;
  • бала өз уақытын тиімсіз өткізуі; 

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар беріледі. Жеке тапсырма  оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырады. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет. 

Осындай оқушылардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Сондықтан  артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы қажет. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. «Оқу, логикалық тапсырмалар, бейнефильм көрсету, сурет салдыру»  т.б. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.

Мақсаты:

  • пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
  • оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
  • шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
  • үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

  • оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгереді;
  • пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажыратып, салыстыра алады;
  • ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасады.

Негізгі принцип:

  • баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;
  • жазбаша жұмыстар, тестерсөздік жұмыстарын жүргізу;
  • оқыған мақалаға байланысты реферат жазу.

Көптеген жаңа технологиялар, техникалар, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер бәрі де пайда болып, қазіргі күнде ұстаздың жан- жақты жұмыс жасауына негіз болатын құралға айналып отыр. Бүгінде, арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп – интернат ұжымы әдістемелік бірлестік отырысында үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін сараптауда.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив