Жол картасындағы орындалмауы мүмкін білім нысандары қатаң сынға алынды. » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жол картасындағы орындалмауы мүмкін білім нысандары қатаң сынға алынды.
30
сентябрь
2021

Жол картасындағы орындалмауы мүмкін білім нысандары қатаң сынға алынды.

Жол картасындағы орындалмауы мүмкін
білім нысандары қатаң сынға алынды.

Жалпы Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 15 жаңа мектеп және 25 мектептің жапсарлас құрылысы салынуы керек. Соның биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 8 мектептің және жұмыс істеп тұрған 17 мектептің жапсарлас құрылысы басталды.

Отырыс барысында 17 жапсарлас құрылыстың 14-і қыркүйек айында дейін берілсе, қалғаны жыл аяғына дейін берілетіні айтылды. Сол жапсарлас құрылыстың берілуінен 8 263 қосымша оқушы орны құрылады.

8 мектептің құрылысы бойынша Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы С.Нұрашевтың айтуынша, пандемияға, экономикалық дағдарысқа және құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылысы биыл аяқталуы жоспарланған 8 мектептің құрылысының аяқталмау қаупі бар. Осыған орай, басқарма тарапынан сметалық құжаттар қайта әзірленіп, қосымша қаражат бөлу туралы мемлекеттік органдарға арнайы хат жолданған.

Кеңес мүшелері әр нысанның құрылыс барысына жеке тоқталып, биылғы жылға халыққа берген уәдені орындауға тырысу керектігін ескертті. Сондай-ақ, сметалық құжат пен қосымша қаражат бөлу мәселесі бойынша қоғамдық Кеңес өз тарапынан фракция мүшелеріне, тиісті органдарға сауалнама жолдайтындығын атап өтті.

Сонымен қатар, білім басқармасы биылғы жылы 3 жекеменшік мектептердің іске қосылуы мен 17 мектептің жапсарлас нысандарының пайдалануға берілетініне сай 10 мың қосымша оқу орындары пайдалануға берілетінін айтты.

Отырыс барысында кеңес төрағасы Такир Балықбаев @btakir бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ерекше назар аударуды тиісті басқарма өкілдерінің қаперіне салды.

Отырыстың Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қ. Жұманов өз сөзінде балалардың жазғы демалысы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына сәйкес қосымша білім беру мекемелері мен қала мектептерінде шығармашылық, спорттық және көшбасшылық бағдарламалар онлайн және офлайн форматта түрлі шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив