Кеңес мүшелері мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кеңес мүшелері мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды
30
сентябрь
2021

Кеңес мүшелері мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды

Кеңес мүшелері мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды

Бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді көші-қон процестеріне байланысты қала әкімінің тапсырмасы бойынша балабақшалардағы орын тапшылығы мен кезектілік мәселелерін шешу жөнінде жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде Жайлы қалалық орта басқармасының өкілі Кеңес отырысында баяндады.
Бүгінгі таңда Наурызбай ауданында 240 орындық 2 балабақша пайдалануға берілді, Марков көшесінде 120 орындық балабақша құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды, қала қызметтеріндегі келісімдерде пайдалануға беру актісі жасалды.
Кеңес мүшелері басқарманың өкіліне құрылысы аяқталмау қаупі бар нысандарды қатаң бақылауға алуын ұсынды.
Сонымен қатар, Жайлы қалалық орта басқармасы №114, 116 және 141 3 балабақшаны қайта жаңарту жұмыстарының жүргізіліп, осы жобалар аясында мектепке дейінгі орындарды ұлғайту үшін қосымша 3 топ құру көзделгенін атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер бойынша баяндама жасаған Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қ. Жұманов өз сөзінде қалада бүгінгі таңда 287 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейтінің, оның ішінде 207 мемлекеттік және 80 жеке меншік мектептер екенің айтып кетті.
Дәстүрлі оқыту форматына көшу мақсатында қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін қаланың білім беру ұйымдарында осы оқу жылында шектеулерді сақтай отырып, 1-ден 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларын оқытудың дәстүрлі форматына көшуге дайындық жұмыстары басталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив