"Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар" тақырыбында ашық сабақ » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар" тақырыбында ашық сабақ
30
октябрь
2021

"Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар" тақырыбында ашық сабақ

5 СМ интернатының физика пәні мұғалімі Алимгожаева Зоя Жапарқызы 8"А"- сыныбында "Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар"-тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаттары: 8.3.1.5 -молекула - кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау; 8.3.2.13- заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау; 8.3.14- су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау. Сабақ барысында оқушылар арасында сенімді сыйластықты қалыптастыруға ықпал жасалып, бір - біріне көтеріңкі көңіл - күй тіледі. " Күзгі жапырақтар " әдісі арқылы , Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерінен үзінді келтіре отырып , оқушылар жапырақтар түсіне қарай топтарға бөлінді. Жапырақтар астында жазылған сұрақтар бойынша уй тапсырмасы тексерілді. "Ой қозғау "әдісі бойынша жаңа сабаққа эксперименттік тәжірибелер көрсетілді. " Жариялау " әдісі бойынша түйінді сөздер тақтаға жазылып, үлестірмелі материалдар пайдаланыла отырып ,әр топ жинаған ақпараттарын басқа топ мүшелеріне жариялай отырып , жаңа сабақтың мазмұнын ашты. "Доп лақтыру" әдісін пайдаланып , сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ пысықталды. "Алматының жауыны" жаттығуы арқылы бу салқындап, яғни конденсацияланып жауын түрінде жауған жауынды мысал ретінде көрсетіп сергіту жаттығуы жасалды,жаңа сабақпен байланыстырылды. "Интервью әдісі " бойынша оқушылар тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап берді. "Ойлан. Жұптас. Бірік" әдісі бойынша " Жер ғаламшарының ерекшеліктері " тақырыбында жоба қорғады."Бір минуттық эссе " әдісі бойынша оқушылар сабақтан алған әсерлерін баяндады. Қарлы кесек ойыны арқылы уй тапсырмасы берілді. Балалардың жауаптары бал жазылған дөңгелекшелер арқылы бағаланып отырылды. Сабақтың соңында балалар алған білімдері жөніндегі ойларын стикерлерге жазып , білім ағашына ілді.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив