Оқушысын интернаттың көзбен көр » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушысын интернаттың көзбен көр
20
ноябрь
2021

Оқушысын интернаттың көзбен көр

Ой қозғатар ой бөліссе құнды дер
Өмір жүгін көтермесе сынды дер
Көргің келсе әлеуметтік өмірді
Оқушысын интернаттың көзбен көр
Көздерінен оқи алсаң мұңдарын
Сенің-дағы жетістігің, шын бағың
Кей анадан ала алмаған мейірді
Ұстаз берсе оған тағар барма мін?
Жоқшылықтың тартса әбден азабын,
Білерсіңдер кіре қоймас ажарың
Аз қамтылған отбасыға, балаға
Бөлсе деймін бай-бағлан назарын
Бірі келер бір киерге киім жоқ.
Бірі келер үйі суық, күйім жоқ
Жалдап тұрған пәтерлерін көргенде
Интернатым арқаланар жүгің көп.
Бір ана бар, бала жайын толғанбас
Бір ана бар, өзін-өзі қолға алмас
Бір ана бар ұл, қызы үшін жан қиса
Бір ана бар ешқайсысы үшін қайғы алмас.
Жалғысбасты, көпбалалы аналар
Жағдайды ойлап интернатты жағалар
Жеті күннің бес күнін бірге өткізер
Ұстаздарға жәутеңдеген балалар
Бұл интернат нағыз істің мекені
Ыбырайдай ұстаздықтың шебері
Көңілін тауып балаларды қуантып
Қағазбенен өлшенбейтін беделі
Адал ұстаз адал ұрпақ символы
Бұза алмас арамдардың пиғылы
Түсінер деп мінбедегі бектерім
Жазды мұны Оңтүстіктің тұйғыны
АСХАТ ЕРАЛИЕВ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив