09
декабрь
2022
Театр-балалар үшін мереке
Театр-балалар үшін мереке, демалыс орны. Баламен бірге театрға барып, оның алған алғашқы әсері мен қуанышын бөлісу ата –ана үшін зор бақыт деп білеміз. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер, үшін үлкен табыс. Балалармен өткізілген шығармашылық жұмыстар қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар. Сол бүлдіршіндер еліміздің өнерлі азаматтарының бірі болатынына сенім білдіреміз.