25
декабрь
2022
Интернатымыздың Қамқоршылық кеңестің төрайымы, құрметті ата-ана Закирова Назира апай
Бұл кісінің әрқашан интернатымызға көрсеткен көмегі орасан зор! Кез-келген уақытта көмек қолын созуға дайын тұлға. Президент шыршасына баратын оқушымызға демеушілік көмек көрсетіп, көңілді кешке қатысуына атсалысты. Осыған дейін де бұл кісінің оқушыларға деген көңілі өте ерекше болды. Интернаттың абыройына әрқашан өз абыройындай қарай білетін жан. Сізге және балаларыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт тілейміз! Әрине, бізде мұндай ата-аналар баршылық. Бізге тілектес ата-аналардың барлығына үлкен рахметімізді жеткіземіз! "Бірлігі жарасқан ел озады" Бірлігіміз бекем болсын!