Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі
Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты. Білім беру орындарында психологтың бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы сан алуан. Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай-ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден-бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын - мектеп психологтары.