Алтын сақа
Математика пәнінен 5-6 сынып оқушылар арасында өткізілген Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасына Алматы қаласы мектепішілік 6000 оқушыдан 700 оқушы ауданға, ауданнан іріктелген 162 оқушы қалаға жолдама алды. Мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Үсенбек Әмірхан Алматы қаласынан іріктелген аудандық кезеңде жүлделі ІІІ орынмен марапатталып қалаға жолдама алды. Әмірханға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз.