Последние публикации на сайте » Страница 61 » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 61
Дәстүрлі оқу жүйесіне қайта көштік
24
январь
2022
Дәстүрлі оқу жүйесіне қайта көштік
Аз ғана уақыт қашықтан оқу форматынан соң міне, қалыпты, дәстүрлі оқу жүйесіне қайта көштік. Дегенмен, балалардың денсаулығы бәрінен қымбат, сондықтан әр сынып басқа жаққа ауыспай, тек өз кабинетінде оқиды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер маска киюін жалғастырады. Мектепке кіре берісте температура өлшеу қажет. Ертең кешкі асты оқушыларымыз интернатымыздан ішетін болады. Деніміз сау болсын! Барлық аймақ қалыпты жағдайға тезірек көшуін тілейміз!
Директорлік сенбі- "Ата-ана үні"  жиналысы өтті
23
январь
2022
Директорлік сенбі- "Ата-ана үні" жиналысы өтті
Директорлік сенбі- "Ата-ана үні" жиналысы өтті. Күн тәртібінде: "Kundelik"журналының көмегімен мұғалім-оқушы, ата-ананың өзара қарым-қатынасы Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің проблемалық мәселелері және даму перспективалары туралы
Оқушыларымыз Шучинск қаласына "Балдаурен" республикалық демалыс орталығына жол тартты
19
январь
2022
Оқушыларымыз Шучинск қаласына "Балдаурен" республикалық демалыс
Бүгін интернатымыздың оқушылары Шучинск қаласына "Балдаурен" республикалық демалыс орталығына жол тартты. Балалар үшін естен кетпес қызықты сәттер! Жолдарың болсын! Біз сендерді асыға күтеміз! Көтеріңкі көңіл-күймен келеді деп сенемінз✊ Ақ жол!!!
Кезекті педагогикалық кеңес отырысы
17
январь
2022
Кезекті педагогикалық кеңес отырысы
Мектебіміздің жаратылыстану - математика пәндері ӘБ мұғалімдері кезекті педагогикалық кеңес отырысында өз іс-тәжірибелерін ортаға салып, әріптестерімен бөлісті. Пед.кеңес тақырыбы: Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру. Мақсаты: белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, нәтижеге бағыттау.
Тәрбиешілер ӘБ бірлестігі баяндамаларын өткізді
14
январь
2022
Тәрбиешілер ӘБ бірлестігі баяндамаларын өткізді
Бүгін интернатымызда педагогикалық кеңес өтті. Жиналыс барысында Тәрбиешілер ӘБ бірлестігі: "Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту", Мұғалімдер ӘБ "Құзыреттілік деген не?" атты баяндама өткізілді.
Көкшетауда орналасқан демалыс орталығына жолдама алған оқушылар
11
январь
2022
Көкшетауда орналасқан демалыс орталығына жолдама алған оқушылар
Интернатымыздың 5 оқушысы, Көкшетауда орналасқан демалыс орталығына жолдама алған болатын. Бүгінде аман-есен жетіп, оқу жылының 3-тоқсанын сол демалыс орталығында бастайтын болады. Оқушыларымыздың демалыстарын жақсы өткізіп келулеріне тілектеспіз!
Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні
10
январь
2022
Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні. Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады. Марқұмдар иманды болсын…
Құрметті алматылықтар!
06
январь
2022
Құрметті алматылықтар!
Құрметті алматылықтар! Өкініштісі, тәртіпсіздікті жақтаушылар қалаға үлкен шығын келтірді. Құқық қорғау органдарының тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды әрекеттеріне қарсы болды. Экстремистер бизнеске зиян келтіріп, тонаушылыққа баруда. Сонымен қатар, олар бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, емханалар мен ауруханаларға зиян келтіреді. Алматыдағы бандиттік топтардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы
Нәтиже сабақ. Өмір қауіпсіздігі негіздері (ӨҚН). Жолда жүру ережесі.
21
декабрь
2021
Нәтиже сабақ. Өмір қауіпсіздігі негіздері (ӨҚН). Жолда жүру ережесі.
Сынып: 4"А" Сабақ: Дүниетану Тақырыбы: Нәтиже сабақ. Өмір қауіпсіздігі негіздері (ӨҚН). Жолда жүру ережесі. Мақсаты: Жолда жүру ережесін еске түсіру, қайталау. Жол белгілерімен толық танысу.