07
март
2025
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. 🌸
Іс-шараның мақсаты – нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы айрықша рөлін дәріптеп, оларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар, оқушылардың әйел-аналарға деген құрметі мен алғысын жеткізіп, ұл балалардың қыз баласына деген адамгершілік сезімдерін қалыптастыру болды.
Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін паш етіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Қыз балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, білімге, өнерге, инабаттылық пен имандылыққа баулу іс-шараның басты бағыттарының бірі болды.
Бұл кеш – жүректерге жылу, көңілге шаттық сыйлаған нағыз мейірім мен құрметке толы күн болды.