20
март
2025
« Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»
Көктемнің шуақты мерекесі – 22 наурыз – Наурыз мейрамы мектебімізде кең көлемде, ұлттық рухта тойланды. Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен берекенің, бірлік пен ізгіліктің мерекесі.
Іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздан мирас болған салт-дәстүрлерді жаңғырту, оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру, табиғатпен үндестікте өмір сүруді дәріптеу, сондай-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Мерекелік кеште мектеп ауласы ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, наурыз көже таратылып, дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Іс-шара аясында ұлттық ойындар, қолөнер көрмелері, өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, наурыздың рухын сезіндіре түсті.
Наурыз – тек Жаңа жылдың бастауы ғана емес, ол – ұлттың рухани жаңғыруының, мәдениеті мен дәстүрінің жаңғыратын сәті. Осындай игі шаралар арқылы біз өскелең ұрпақтың бойына елге, жерге, дәстүрге деген сүйіспеншілікті сіңіреміз.