26
апрель
2025
«Абай-дана, Абай-дара қазақта»
Абай Құнанбайұлы – қазақ руханиятының темірқазығы, ұлтымыздың ұлы ұстазы, кемеңгер ойшылы. Биыл халқымыздың біртуар перзенті, ақын, философ, ағартушы Абай атамыздың туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл – тек қазақ елі үшін ғана емес, барша түркі жұрты мен адамзат баласы үшін маңызды тарихи белес.
Абайдың мол мұрасы – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Оның қара сөздері мен өлеңдерінде терең ой, парасаттылық, адамгершілік, еңбекқорлық, білімге құштарлық секілді асыл қасиеттер айқын бейнеленген. Ол өз шығармаларында халықты надандықпен күресуге, өнер-білімге ұмтылуға, әділеттілік пен адалдыққа үндеді.
Абайдың әрбір сөзі – ұрпаққа өсиет, жүрекке тұмар. Оның «Толық адам» ілімі, кемелдікке бастар жолы – бүгінгі күнде де өзекті. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде, ұлттың рухани жаңғыруында Абай мұрасының орны айрықша.
Ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы аясында білім ордамызда түрлі танымдық, әдеби-мәдени іс-шаралар, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылуда. Мұның барлығы – жас ұрпаққа Абай мұрасын терең танытып, оны жүрекпен сезіне білуге бағытталған игі бастамалар.
Абай – дана, Абай – дара!
Ол – мәңгілік елдің мәңгілік шамшырағы!