Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2025

Ата-аналар жиналысы

Отбасы күніне орай мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен маңыздылығын айқындау болды.
Жиын барысында ата-аналарға оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы мәлімет берілді. Сонымен қатар, Президент Жолдауында айтылған білім беру саласына қатысты өзекті бағыттар талқыланып, ата-аналарға түсіндірілді.

Жиында бүгінгі қоғамдағы күрделі мәселелер – буллинг пен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жолдары да қарастырылып, ата-аналарға баламен дұрыс қарым-қатынас жасаудың, қолдау көрсетудің маңызы айтылды.

Сонымен бірге, ата-аналарға мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, оқушының қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты талаптар түсіндірілді.
Отбасы – қоғамның ең басты ұясы. Осы орайда өткізілген жиналыс ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақ пен өзара түсіністікті арттыруға үлкен үлес қосты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив