«Нұр Отан» партиясы мүшесінің этика кодексі
«Нұр Отан» партиясы мүшесінің этика кодексі
Наурызбай аудандық «Нұр Отан» партиясы «№15 санаториялық мектеп-интернат» КММ-сі «Шұғыла» бастауыш партия ұйымында «Партия мүшесінің этика кодексі» бойынша отырыс өткізілді. Отырыста партия мүшелерінің этика кодексін ұстануы, сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты сұрақтар қарастырылды.
«Нұр Отан» партиясы мүшесінің этика кодексі 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-қимыл бағдарламасына сәйкес жасалғаны, кодекс 19 ереже мен 5 негізгі сала бойынша құрылғаны айтылып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін құрметтеу және сақтау, Елбасы Мемлекеттік бағытының мызғымастығын сақтау, өз елінің патриоты болу, партиялық тәртіпті сақтау, партиялық этика нормаларын бұзушылықтарына жол бермеу жолдары таалқыланды.
«Партия мүшесінің этика кодексі» 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-қимыл бағдарламасының маңызды үйлесімі екені де отырыс барысында айтылды.