Әлемнің екінші ұстазы » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2020

Әлемнің екінші ұстазы

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.

Европалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша әл-Фараби сондай-ақ Шығыс философияның да негізін қалаушы. Олар ұлы кемеңгердің келелі пікірлерінің астарларына үңіліп, көп зерттеген. Ғұламаның пікірлерінің құндылығы сонда – ол философиялық ой-толғаныстарын ежелгі грек философтары Аристотель, Платондардың пікірлері негіздерінде өрбіте отырып, сол пікірлерді ислами негіздерге орайластырған. Мысырдың жиырмасыншы ғасырдағы ойшылы Аббас Махмуд Аққад әл-Фарабидің аталмыш кітабы жайында: «Әл-Фарабидің басқа мұсылман филосфтарынан ерекшелігі сол ол саясатты таза философиялық таным тұрғысынан қарастырып, зерттей білген. Биліктің ең идеалды түрін елестетіп, оның жүзеге асуы үшін қажетті этикалық нормалар, саяси принциптерді белгілеген. Билеуші мен биленушінің мақсаттарын нақты түрде айқындаған. Жамандық пен азғындық жайлаған қоғамды қатты сынаған. Айналып келгенде мұның бәрі әл-Фарабидің кемеңгерлік деңгейі мен пікірінің еркін екендігін дәлелдейді», – деп ой тербейді. 

Ғұлама логиканың зерттеу объектісін айқындап, бұл ғылымды үйренудегі мақсаттарды ашып көрсетті. Қолдану аясын кеңейтті. Осындай жаңашылдық қабілеттеріне байланысты оның логика тақырыбында жазылған еңбектері үлкен сұранысқа ие болды. Жалпы әл-Фарабидің ғылымның логика, философия салаларында жазған еңбектері көп болған. Әрі нақ осы салалардағы тың пікірлері оның атын асқақтатып, төрткүл дүниеге әйгілі етті.

2020 жылдың тамыздың 26-сы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №133 жарлығы шығып, күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады. https://qazaqtimes.com/article/68000 сайты.

Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы» деген сәзі ұстаздар қауымының ұраны болуы тиіс.

Өткен оқу жылында «Өрлеу» порталы ұйымдастырған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық  мерейтойына орай ұйымдастырылған «Асыл ақыл-ойдың алыптары» атты республикалық онлайн байқауға мектеп-интернат оқушылары қатысып, «Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ» номинациясымен                     І дәрежелі дипломмен  Бимахан Нұрай, Зұпыхар Жұлдыз, Уали Адина, Ермек Нұрай, Ағабекұлы Дарын, Әбдіқан Назерке және құрмет грамотасымен  жетекшісі Жұмабеков Нұржан Нұрманбетович марапатталды. Сондай-ақ,               1 «Б» сынып жетекшісі Айжан Әбілжанқызы «Әбу Насыр Әл-Фараби» тақырыбында тәрбие сағатын өткізсе, 9 «А» сынып жетекшісі Асет Камалбекұлы «Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбында дебат-сабақ ұйымдастырып өткізген еді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив