Мен өз елімді мақтан тұтамын » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мен өз елімді мақтан тұтамын
10
декабрь
2020

Мен өз елімді мақтан тұтамын


         Жері кең байтақ, елі бейбітшілікте өмір сүріп жатқан Қазақстан Республикасының азаматы болып туылғанымды мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден ешкімге мойынсынбаған, еш нәрседен тайынбаған батыл, ержүрек, ең бастысы тәуелсіз елдердің бірі. 

         Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітуге, қазақ елін әлемнің өркениетті 50 елінің қатарына қосуға, дүниежүзілік өркениетке мойындатуға, олардың азат мемлекетімізге құрметпен қарауға,   халықаралық деңгейлердегі терезесі тең сенімді әріптес ретінде санасуына қол жеткізді. «Ел барда – ер қор болмас, ер барда – ел қор болмас» деп айтылған халық даналығы Елбасымызға лайық айтылғандай.   

         Тәуелсізідік алғалы бері ел экономикасы жылдан-жылға көтеріліп, мәдени және рухани дамып келеді. Қалалар мен ауылдарымыз бой түзеп, өркениетке сай құлпырып, халқымыздың тұрмыс жағдайы күннен-күнге жақсаруда. Білім, медицина, мәдениет салаларында да керемет өзгерістер болып, дамыған мемлекеттер деңгейіне жеттік. 

         Көк байрағы желбіреген, қыран құсы көк аспанда қалықтаған, тұғыры берік, шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТЫМЫН!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив