Қолөнер бұйымдары » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2021

Қолөнер бұйымдары

Мақсаты:
Оқушылардың қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінігін қалыптастыру.
Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Шығармашылық қиялдың, ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін дамыту.
Оқушыларды ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Қазақ қолөнері, ұлттық өнер өткен өмір еншісіне айналып, оған мән.
Қазақтың қолданбалы өнері дайындалатын материал түріне қарай ағаштан, сүйектен, теріден, металл, текстиль материалдардан дайындалған болып бөлінеді.
Қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш, ою - өрнек, құрақ құрау. Мектеп-интернатымыздың оқушылары наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық бұйымдарды жасап, өз еңбектерімен бөлісті. Төменде көрсетілген суреттерде, оқушыларымыздың өз қолдарымен жасаған жұмыстары көрсетілген.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив