«Nur Otan» партиясының жиыны » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Nur Otan» партиясының жиыны
30
сентябрь
2021

«Nur Otan» партиясының жиыны

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық Кеңес мүшелері онлайн форматта жиын өткізді.
Алғашқы болып сөйлеген Кеңестің төрағасы Садықов Болат Нұрмырзаұлы Партия әзірлеген Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жасалған Жол картасының орындалуы сапалы болуы қажеттігін айтты.

Күн тәртібінің бірінші және екінші сұрақтары бойынша Жол Картасының 111-тармағы Қаладағы медициналық ұйымдардың жабдықтандырылуы деңгейінің өсуі және Жол Картасынының 112-тармағы медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева баяндама жасады.
Өз кезегінде С. Сұлтанғазиева медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту үшін жергілікті бюджет қаражатынан 43,1 млрд. теңге бөлінгенін, оның ішінде ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) 285, жоғары ағынды оттегі терапиясы аппараты High Flow 250, оттегі концентраторлары 1050, рентген аппараты 47, УЗИ аппаратынан 52 және 135 жедел жәрдем көлігі алынғанын айтты. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен 562,1 млн.теңге сомасына 94 медициналық жабдықтар алынғанын айтты. Кеңес мүшелері Мәлімдемеге қатаң сын айтып ковидке қатысы жоқ басқа бағыттағы жабдықтарға да үлкен мән беруді ұсынды.
Келесі кезекте Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты 5069 маман оқу курстарынан өткенін айтты. Оның ішінде шетелде біліктілікті арттырудан 13 маман: «BLS,ACLS,PALS, PHTLS тренерлер курсы», (Израиль 12 адам), «Отоларингологиядағы МРТ диагностикасы» - (Израиль1 адам) отандық мамандардың қатысуымен 40-тан астам семинар-тренингтер өткізілгенін айтты.
Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ринат Бекбергенов өзінің баяндамасында Алматы қаласының жастары арасында салауатты өмір салты қағидаттарын нығайту жөнінде 7 тармақ бойынша жұмыс жасалып жатқанын хабарлады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив