15
октябрь
2021
"Нашақорлықтың, алкогольді ішімдіктердің, темекі бұйымдарының зияны"
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған нашақорлық, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Осы тақырыптар аясында мектеп-интернатымыздың 7,8,9 сынып оқушыларына "Нашақорлықтың, алкогольді ішімдіктердің, темекі бұйымдарының зияны" туралы тақырыптарды кеңінен түсіндіру мақсатында Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының нарколог-дәрігері Салия Кенесбекқызымен кездесу өтті.