Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Шығармашылық әлемге қадам» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы өткізілді
30
март
2026
«Шығармашылық әлемге қадам» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы
Көктемгі демалыс кезінде «Шығармашылық әлемге қадам» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шара аясында оқушылар өз қабілеттерін шыңдап, жаңа қырларын ашып, уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізді. Шеберлік сабағы жоғары белсенділікпен өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жақсы әсер сыйлады. Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Pika мейрамханасына алғысымызды білдіреміз.
«Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
21
март
2026
«Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
«Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар өнерлерін көрсетіп, ұлттық дәстүрлеріміз насихатталды. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тамаша мереке! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
ООБ ҚҚБ ОЮП УПИ аға лейтенанты Жахангер Нариман Досжанұлы мектеп оқушыларымен кездесу
18
март
2026
ООБ ҚҚБ ОЮП УПИ аға лейтенанты Жахангер Нариман Досжанұлы мектеп
ООБ ҚҚБ ОЮП УПИ аға лейтенанты Жахангер Нариман Досжанұлы мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері тақырыбында ақпарат беріліп, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы тәртіп ережелері туралы кеңінен түсіндірілді.
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
15
март
2026
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
«Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушыларға Наурыз мейрамының шығу тарихы, маңызы және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет берілді. Оқушылар өлең айтып, ұлттық дәстүрлер жайында пікір алмасты.
14 наурыз – Көрісу күні.
14
март
2026
14 наурыз – Көрісу күні.
Осы күні мектебімізде оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен көрісіп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Бұл дәстүр адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты арттыра түседі.
Қуанышты жаңалық!
10
март
2026
Қуанышты жаңалық!
Қуанышты жаңалық!  Әріптесіміз Тыныбек Айдана Таңатарқызы  Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.  Бұл марапат – білім саласына қосқан елеулі үлесі мен табанды еңбегінің жоғары бағалануы. Айдана Таңатарқызын осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!  Еңбегіңіз жана берсін, абыройыңыз арта берсін. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!
«Әсемдік әлемі: Ана мен қыз» атты сайыс ұйымдастырылды🌸
06
март
2026
«Әсемдік әлемі: Ана мен қыз» атты сайыс ұйымдастырылды🌸
«Әсемдік әлемі: Ана мен қыз» атты сайыс ұйымдастырылды🌸 Сайысқа аналар мен қыздары қатысып, өзара өнер мен шеберліктерін көрсетті. Байқау 4 кезеңнен тұрды: таныстыру, өз өнерін көрсету, сән шеруі және сұрақ-жауап. Әр кезеңде қатысушылар тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін  көрсете білді. Ана мен қыздың арасындағы сыйластық пен жарасым ерекше көрініс тауып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар бар өнерлерін ортаға салып, сайысты қызықты әрі әсерлі өткізді.
«Арулар – асыл жандар» атты мерекелік концерт
06
март
2026
«Арулар – асыл жандар» атты мерекелік концерт
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды 🌸 Мерекелік кеш барысында оқушылар әсем ән шырқап, мың бұралған би билеп, әсерлі көріністер қойды. Әрбір нөмір аналарға, ұстаздарға және барша аруларға деген құрмет пен ризашылықты білдіруге арналды. Жас өнерпаздардың жүректен шыққан әсем әні мерекелік кештің сәнін келтіріп, аналар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай талантты шәкірттерімізбен мақтанамыз! Өнерлері өрге жүзіп,
«Алғыс жәшігі» акциясы
01
март
2026
«Алғыс жәшігі» акциясы
Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Алғыс жәшігі» акциясы сәтті өтті. Бүгін жәшікке салынған алғыс хаттар мен сыйлықтар өз иелеріне табысталды. Жылы сөздер мен шынайы ризашылық әрбір қатысушыға ерекше қуаныш сыйлап, оқушылардың көңіл күйін көтерді. Мейірім мен алғысқа толы бұл игі шара баршаға жағымды әсер қалдырды. Ризашылық білдіру — жүрек жылуы
«Алғыс – жүректің шуағы» мерекелік ісшарасы
01
март
2026
«Алғыс – жүректің шуағы» мерекелік ісшарасы
«Алғыс – жүректің шуағы» мерекелік ісшарасы мектеп қабырғасында жоғары деңгейде өтті. Шара барысында оқушылар алғыс туралы әсерлі әндер шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жылы лебіздер айтылып, ризашылықтың маңызы насихатталды. Ісшараға жиналған қатысушылар мерекелік бағдарламаны ықыласпен тамашалап, ерекше әсер алды. Оқушылардың өнері мен белсенділігі кештің шырайын арттырды. Алғыс айту – ізгілік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақты құрмет