Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жыл қарсаңы!
23
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңы!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаламыздың көркеюі мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшыларды құттықтадық. Жол жөндеп жүрген азаматтарға және күн сайын қаламыздың тазалығын сақтап жүрген еңбек адамдарына алғыс білдіріп, жылы лебізімізді жеткіздік.Олардың адал еңбегі – баршамыздың жайлы өміріміздің негізі. Еңбектеріңіз еленіп, жаңа жыл берекелі, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
17
декабрь
2025
Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз
Оқушыларға қуаныш сыйлап, цирк өнерінің ғажайып әлемімен қауыштырғандарыңыз үшін Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Балаларға көрсетілген қамқорлық жас ұрпаққа деген үлкен жанашырлықтың айғағы.Көрермен көңілінен шыққан әсерлі қойылымдар, шаттық пен күлкіге толы сәттер оқушылардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып қалды. Осындай игі істеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
15
декабрь
2025
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында жас ұландар ант қабылдап, елге адал қызмет етуге, білім мен тәртіпті ту етуге уәде берді. Бұл маңызды сәт жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен бірлік сезімін қалыптастырып, ел болашағына деген сенімді нығайта түсті. Жас Ұлан қатарын толықтырған жасөспірімдерге сәттілік, биік мақсат пен жарқын болашақ тілейміз!
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұрбатыров Болатбек Боданұлымен кездесу
12
декабрь
2025
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұрбатыров Болатбек Боданұлымен
2025 жылдың желтоқсан айында мектебімізде Желтоқсан оқиғасының қатысушысы,Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Түлектер қауымдастығы орталығының директоры,ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Этно дизайн одағының мүшесі, «Желтоқсан–Алматы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Нұрбатыров Болатбек Боданұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Түнгі рейд  “Әділдік пен жауапкершілік” айы
21
ноябрь
2025
Түнгі рейд “Әділдік пен жауапкершілік” айы
Ата-аналардың қолдауымен, Наурызбай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 21 қараша күні профилактикалық түнгі рейд ұйымдастырылды. Қараша айы-“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Әділдік пен жауапкершілік” айы. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәуекел топтағы жағдайлардың, нашақорлық, темекі өнімдерін тұтынудың және құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алу мақсатында жастардың көп шоғырланатын орындарында: саябақтар, ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтарда
«Қыз – өмірдің қызғалдағы»
17
ноябрь
2025
«Қыз – өмірдің қызғалдағы»
Бүгін мектебімізде «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Іс-шара барысында қыздар өз құқықтары мен міндеттері, денсаулық және рухани дамудың маңызы, сондай-ақ салауатты өмір салты туралы мағлұмат алды. Қыздар белсенді қатысып, түрлі ойындар мен әңгімелесулер арқылы өз ойларын ортаға салды. Мұндай жиналыстар қыздардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өзіне деген сенімін арттыруға және қоғамдағы жауапкершілікті түсінуге септігін тигізеді. Барлық қатысушыларға белсенділігі
«Чистая среда – залог здорового общества»
15
ноябрь
2025
«Чистая среда – залог здорового общества»
«Чистая среда – залог здорового общества» В рамках субботника «Чистый Казахстан» коллектив нашей школы объединился для благоустройства территории школы и проведения уборочных работ. Чистая и ухоженная школьная территория – важный фактор, способствующий повышению качества образования, а также положительно влияющий на духовное и физическое развитие учащихся. Совместная работа позволила каждому участнику внести свой вклад и убедиться в достижении общей цели. Выражаем искреннюю благодарность всем
«Таза орта – салауатты қоғамның кепілі»
15
ноябрь
2025
«Таза орта – салауатты қоғамның кепілі»
«Таза орта – салауатты қоғамның кепілі» Бүгінгі «Таза Қазақстан» сенбілігі аясында мектебіміздің ұжымы бірігіп, мектеп аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.  Мектептің таза әрі әдемі аумағы – білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың рухани және дене дамуына оң әсерін тигізетін маңызды фактор. Ұжымдық жұмыс арқылы әрбір қатысушы өз үлесін қосып, ортақ мақсатқа бірге жеткеніне куә болды. Барша қатысушыларға белсенділігі мен ынтасы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Осындай