Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ҮЗДІК ЖАС ОРЫНДАУШЫ» номинациясының иегері
25
февраль
2026
«ҮЗДІК ЖАС ОРЫНДАУШЫ» номинациясының иегері
Ана – өмірдің гүлі» атты аудандық ән байқауында жас ерекшелігіне сай жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік танытқаны үшін «ҮЗДІК ЖАС ОРЫНДАУШЫ» номинациясының иегері ретінде «Айтұмар» триосы марапатталды.
«Мейірімді қақпақ» қайырымдылық-экологиялық акциясы.
25
февраль
2026
«Мейірімді қақпақ» қайырымдылық-экологиялық акциясы.
«Мейірімді қақпақ» қайырымдылық-экологиялық акциясы. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, пластик қалдықтарын қайта өңдеуге бағыттау және қайырымдылыққа қолдау көрсету. Оқушылар пластик қақпақтарды жинауға белсене қатысып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Жиналған қақпақтар қайта өңдеуге жіберіліп, түскен қаражат игі іске жұмсалады.
«Жаңалыққа ашық бол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
23
февраль
2026
«Жаңалыққа ашық бол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
«Жаңалыққа ашық бол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушылардың жаңа идеяларға, заманауи өзгерістерге және өмірлік мүмкіндіктерге ашық көзқарасын қалыптастыру, сыни ойлауын дамыту және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру. Сабақ барысында оқушылармен жаңалықтың адам өміріндегі рөлі, өзгерістерді дұрыс қабылдау мәдениеті, жеке даму мен табысқа жетудегі икемділіктің маңызы туралы пікір алмасу жүргізілді.
«Ертегілер әлемі» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша сахналық қойылым
20
февраль
2026
«Ертегілер әлемі» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша
Бастауыш сынып апталығы аясында «Ертегілер әлемі» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша сахналық қойылым ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, оқиғаны әсерлі әрі шынайы жеткізе білді. Қойылым барысында балалардың актерлік шеберлігі, сөйлеу мәнері және шығармашылық қабілеттері айқын көрінді. Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық ертегілер арқылы тәрбиелік мәнді жеткізу және өнерге баулу.
«Ұмытылмас жылдар жаңғырығы» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу.
20
февраль
2026
«Ұмытылмас жылдар жаңғырығы» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне
«Ұмытылмас жылдар жаңғырығы» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды кездесу.
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейіне танымдық экскурсия
17
февраль
2026
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер
Оқушыларымыз Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында білім алушылар ұлттық және әлемдік бейнелеу өнерінің үздік туындыларымен танысып, қазақ суретшілерінің шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды.  Шараның мақсаты – жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру, мәдени мұраға құрмет сезімін нығайту және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Экскурсия оқушыларға ерекше әсер қалдырып, өнер әлеміне
📚 «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы.
16
февраль
2026
📚 «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты бастауыш сынып
📚 «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы. Апталық аясында оқушылар білімге деген қызығушылығын арттырып, түрлі танымдық іс-әрекеттерге белсенді қатысты. Шығармашылық тапсырмалар, қызықты сабақтар мен пайдалы шаралар арқылы білімнің алғашқы баспалдағының маңызы айқындалды.
Ұлдар жиналысы өткізілді.
11
февраль
2026
Ұлдар жиналысы өткізілді.
Ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында тәртіп, жауапкершілік, әдептілік және азаматтық ұстаным мәселелері талқыланды. Ұл балаларға ер-азаматқа тән мінез-құлық, өзіне сенімділік пен білімге ұмтылу туралы маңызды кеңестер берілді.
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді.
11
февраль
2026
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді.
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәулетхан Еркежан Ерланқызы және сынып жетекшілер қыз балаларға тәрбие, әдептілік, өзін-өзі құрметтеу және қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды ақпарат берді. Кездесуде қыз баланың қоғамдағы орны, жеке мәдениеті, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.