Психолог көмегі
15-мамыр Отбасы күніне орай мектеп-интернат психолгы Сапарова Қазына Құрбанғалиқызы “Психолог көмегі” атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара аясында мектеп психологы ата-аналармен «Отбасы – басты құндылық» тақырыбында тренинг өткізіп, жанұя ішіндегі өзара қарым-қатынас, бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдау сынды маңызды мәселелер талқыланды. Әр отбасыға тыныштық, махаббат пен татулық тілейміз! Мереке құтты болсын!