Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
📚🇰🇿 «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» танымдық викторинасы
28
май
2025
📚🇰🇿 «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» танымдық викторинасы
Оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында танымдық викторина өтті.   Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні мен маңызын терең түсіндіру, заңға деген құрмет пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
📚Білімім — Отаныма!
25
май
2025
📚Білімім — Отаныма!
Біліммен қаруланып, ел болашағын бірге қалыптастыратын ұрпақ екенімізді еске салатын күн. Әр үйренген әріп, меңгерілген ғылым — еліміздің ертеңіне қосқан үлесіміз. 25 мамыр — тек оқу жылының соңы емес, жаңа белестердің бастауы.
Бастауышпен қоштасу – жаңа белестің бастауы!
23
май
2025
Бастауышпен қоштасу – жаңа белестің бастауы!
4”А” және 4”Ә” сыныптарының оқушылары бастауыш мектеппен қоштасып, білім жолындағы келесі белеске қадам басты.   Осы жылдар ішінде шәкірттерге білім мен тәрбие беріп, әр баланың жүрегіне ізгілік ұялата білген аяулы сынып жетекшілеріміз – Тагаева Турсынгуль Иманкожаевна мен Ушманбетова Назым Ыбыраевнаға алғысымыз шексіз! Қымбатты түлектер, әр күніңіз жаңа жетістіктерге толы болсын! Орта буынға батыл қадам жасап, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Бірлік Сапарғалиұлы Жазықбековпен тағылымды сұхбат-сабақ
12
май
2025
Бірлік Сапарғалиұлы Жазықбековпен тағылымды сұхбат-сабақ
Белгілі қоғам қайраткері Бірлік Сапарғалиұлы Жазықбековпен тағылымды сұхбат-сабақ ұйымдастырылды. Қонағымыз өз өмір жолындағы естеліктерімен бөлісіп, кәсіби тәжірибесінің маңызды тұстарын әрбір оқушыға түсінікті тілмен жеткізді. Жазықбеков мырза табандылық, жауапкершілік пен шығармашылықтың рөлі туралы ой қозғап, болашаққа деген сенімділік пен мақсат қоюдың әдістерін ұсынды.
Ұлы Жеңіске – 80 жыл
08
май
2025
Ұлы Жеңіске – 80 жыл
Мектебімізде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» атты патриоттық іс-шара өтті. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен жанқиярлық батырлығын ұлықтайтын, жүректерге отансүйгіштік рух ұялататын қасиетті мереке.
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01
май
2025
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Берекелі бірлік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.   Бұл күн – еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы мен достығының, бейбітшілігі мен ынтымақтастығының символы. Бірлік күні – бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді дәріптейтін айтулы мейрам. Іс-шара барысында оқушылар әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ұлттық би, ән-жыр, көркем сөз арқылы достық
«Абай-дана, Абай-дара қазақта»
26
апрель
2025
«Абай-дана, Абай-дара қазақта»
Абай Құнанбайұлы – қазақ руханиятының темірқазығы, ұлтымыздың ұлы ұстазы, кемеңгер ойшылы. Биыл халқымыздың біртуар перзенті, ақын, философ, ағартушы Абай атамыздың туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл – тек қазақ елі үшін ғана емес, барша түркі жұрты мен адамзат баласы үшін маңызды тарихи белес.    Абайдың мол мұрасы – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Оның қара сөздері мен өлеңдерінде терең ой, парасаттылық, адамгершілік, еңбекқорлық, білімге құштарлық секілді асыл қасиеттер айқын бейнеленген.
«Жыл кітаптарын бірге оқиық!»
23
апрель
2025
«Жыл кітаптарын бірге оқиық!»
  Мектеп кітапханашысы Наурызбай ауданыдық Отбасылық оқу кітапханасымен бірлесіп «Жыл кітаптарын бірге оқиық!» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды.  Шараның мақсаты – оқырмандарды жылдың үздік деп танылған кітаптарымен таныстыру, көркем әдебиетке қызығушылықты арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру болды. Ақпараттық сағат барысында кітапханашылар оқушыларға қазіргі қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары мен балаларға арналған жаңа басылымдарды таныстырып, олардың мазмұны жайлы әңгімеледі.
«Samal Water» зауытына танымдық экскурсия
21
апрель
2025
«Samal Water» зауытына танымдық экскурсия
2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына орай, мектеп-интернатымыздың 15 білім алушысы «Samal Water» зауытына танымдық экскурсияға барды.     Экскурсия барысында оқушылар ауыз судың өндіріс процесімен, тазалау және құю жүйесімен танысып, өндіріс орнындағы мамандардың жұмыс барысын бақылап, кәсіптік бағыттағы мағлұматтар алды. Шараның мақсаты – оқушыларды жұмысшы мамандықтарының маңыздылығымен таныстыру, еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру. Іс-шара оқушыларға үлкен
Ұлы жеңістің - 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайына саяхат сабақ
07
апрель
2025
Ұлы жеңістің - 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қарулы
Ұлы жеңістің - 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайына саяхат сабақ ұйымдастырылды.     Саяхат сабақ генерал-майор И.В.Панфилов басқарған әйгілі 316-атқыштар дивизиясына арналған мұражайында өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқарған 316-атқыштар дивизиясына арналған мұражайды көріп, сол кезеңнің әскери жабдықтары мен қару-жарақтарымен танысты. Сонымен қатар, Брест бекінісінен жеткен жәдігерлер мен сарбаздардың жеке заттары