Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге»
29
сентябрь
2025
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге»
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге» атты мақала «Білімді ел – Образованная страна» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бетінде жарияланды. Мақалада “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар, ардагер ұстаздарға көрсетілген құрмет,  сондай-ақ 340 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимаратының құрылысы туралы мазмұнды ақпарат берілген. Жас ұрпақтың бойына құрмет, парасаттылық және патриоттық тәрбие сіңіруде ұстаздардың еңбегін дәріптеудің маңыздылығы атап өтілді.
Оқушылардың сергіту жаттығулары
23
сентябрь
2025
Оқушылардың сергіту жаттығулары
Мектебімізде әр аптаның сейсенбісінде сабақ басталар алдында оқушылар үшін қысқа мерзімді сергіту жаттығулары дәстүрге айналған. Бұл жаттығулардың ұзақтығы – 3 минут, мақсаты – оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сергіту, денсаулығын нығайту және оқу процесіне белсенді кірісуге ықпал ету. Осындай шағын жаттығулар балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім алу барысында ширақ әрі белсенді болуына жағдай жасайды.
Ұлттық диктант
22
сентябрь
2025
Ұлттық диктант
«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба. Негізгі мақсаты – Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама әр азаматқа сауатты жазудың тек білім өлшемі емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік, мәдени қатысым және тілге деген құрметтің көрінісі екенін ұғындыруға бағытталған.
Менің сыныбым буллингке қарсы!
20
сентябрь
2025
Менің сыныбым буллингке қарсы!
Бүгін мектеп ауласында біздің сынып оқушылары «Менің сыныбым буллингке қарсы!» атты флешмоб ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында бірлікті, достықты, сыйластықты насихаттап, мектепте жылы да қауіпсіз орта қалыптастыру.Оқушылар «Буллингке — ЖОҚ! Достыққа — ИӘ!» деген ұранды көтеріп, өздерінің бейбітшілік пен сыйластықты қолдайтынын көрсетті. Осындай іс-шаралар арқылы мектеп ұжымы әр баланың өз ойын еркін айтып, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауға ұмтылады.
Мектеп асханасына бақылау жүргізілді.
19
сентябрь
2025
Мектеп асханасына бақылау жүргізілді.
Мектеп асханасына бақылау жүргізілді.Оқушылардың денсаулығы – біздің басты назарымызда! Бүгін мектеп асханасындағы санитарлық талаптардың сақталуы, тағам сапасы мен ас мәзірі тексерілді. Барлығы талапқа сай, балалардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы қамтамасыз етілген.
Құттықтаймыз!
18
сентябрь
2025
Құттықтаймыз!
Алматы қаласы Наурызбай ауданында Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен аудандық спартакиадалық жарыста «№15 санаториялық мектеп-интернат» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ілесбеков Жолдасбек Құрасбекұлы асық ату спорт түрінен жүлделі 1-орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды!Бұл жеңіс – ұстазымыздың спортқа деген сүйіспеншілігінің, кәсіби шеберлігінің және табандылығының нәтижесі. Жеңімпаз әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!
Адам папиллома вирусы
18
сентябрь
2025
Адам папиллома вирусы
Бүгін 5–6 сынып оқушылары арасында осы тақырыпта диктант ұйымдастырылды. Іс-шара тек оқушылардың сауаттылығын тексерумен шектелмей, олардың аталған мәселеге қатысты түсінігін кеңейтуге бағытталды.Адам папиллома вирусы (HPV) – әлемде жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Ол негізінен тері мен шырышты қабаттарға әсер етеді. Егер алдын алу шаралары жасалмаса, түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы HPV-ге қарсы екпені жастардың денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам деп
Қала күні мерекесі
15
сентябрь
2025
Қала күні мерекесі
Қала күні мерекесіне орай оқушыларымыз сүйікті қаламызға деген ыстық ықыластарын сурет арқылы жеткізді. 🏙️🌿Әрбір суретте туған жерге деген сүйіспеншілік пен балалардың жүрек жылуы бейнеленді.
Таза бейсенбі
13
сентябрь
2025
Таза бейсенбі
Таза Қазақстан жобасы шеңберінде «Таза бейсенбі» акциясы апта сайын ұйымдастырылып отырады. Бұл шара азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамытуға бағытталған.
Ата-аналар жиналысы
12
сентябрь
2025
Ата-аналар жиналысы
Отбасы күніне орай мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен маңыздылығын айқындау болды. Жиын барысында ата-аналарға оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы мәлімет берілді. Сонымен қатар, Президент Жолдауында айтылған білім беру саласына қатысты өзекті бағыттар талқыланып, ата-аналарға түсіндірілді. Жиында бүгінгі қоғамдағы күрделі мәселелер – буллинг пен жасөспірімдер