«Бір апта – бір әлем»
«Бір апта – бір әлем» атты эстетикалық және негізгі пәндер апталығының жабылуы спорттық эстафеталық ойындармен қорытындыланды. Апталық барысында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға ықпал етті. Ал қорытынды бөлімде өткен эстафеталық ойындар оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұйымшылдық пен достықты нығайтты. 📚🎉 Білім мен спортты ұштастырған мазмұнды апталық өз мәресіне жетті!