«Бастауышпен қоштасу»
Мектебімізде 4-сынып оқушыларына арналған «Бастауышпен қоштасу» кеші өтті.Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, бастауыш сыныппен қимастықпен қоштасты. Ұстаздарына алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.Бұл әсерлі кеш оқушылардың есінде ұзақ сақталып, жаңа белеске бастар жарқын қадамдардың бірі болды.