XXI ғасыр талабында, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет » КГУ «Санаторная школа-интернат №15
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » XXI ғасыр талабында, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет
27
март
2021

XXI ғасыр талабында, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет

«Ұстаздық - мінез-құлықтың нормасы. Ол қатты жұмсақ және қатты қатал болмауы тиіс. Қатты қатал болса, шәкіртін өзіне қарсы қояды, ал қатты жұмсақ болса қадір қасиетін жоғалтып алады. Сондықтан екеуінің ортасын ұстауы қажет»-деп, Аль-Фараби бабамыз айтқандай ұстаздық жол көп еңбекті талап ететін мамандық. Шәкірттеріне тәрбие мен білім нәрін беретін ұстаздың жауапкершілігі өте жоғары. Дей тұрғанмен, бала тәрбиесі, ол ең алғаш отбасынан басталады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Бірақ, қазіргі таңда материалдық жағдайлардың туындауына байланысты, кейбір ата-аналардың жұмысбастылықпен бала тәрбиесіне көңіл бөле алмай жататын кездеріне жиі-жиі тап келіп жатамыз. Қараусыз қалған баланың бойында сол уақытта психологиялық теріс өзгерістер байқала бастайды. Мінез-құлқы өзгеріп, айналасына жағымсыз жағдай туғызады. Оның арты келеңсіз жағдайларға апаруы да мүмкін. Мұндай жағдай кезінде, ұстаздардың атқаратын рөлі орасан зор. Біздің ұстаздарымыз бен тәрбиешілеріміз қандай мәселелерге тап келсе де, мойымай, оқушыларды жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындап, тынбай еңбек етіп келеді. Мақсатымыз айқын, ерекше педагогикалық-психологиялық тәрбиені қажет ететін балалар кездесіп жатса, щетке ысырып тастау емес, керісінше моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, жан-дүниесіне үңілу. Бүгінгі XXI ғасыр талабында, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив